Бірлік, өзара сыйластық, жасампаздық Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің синонимі. Осы күнге орай кітапханада «Ел күші бірлікте» атты музыкалық-поэтикалық сағаты өтті. Музыкалық кеште Екатерина Федотова мен Абылайхан Кисаевтың орындауында достық, Отан, Қазақстан туралы өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, белсенділеріміз Жандығұлова Жанар мен Әділбекова Жанат, Хасенова Ғалима апайларымыз домбыра шанағында қазақ халқының әндері мен күйлерін тартса, «Молодежный» мәдениет үйінің солисті Айдос Мұхаммед және Қарағанды өнер колледжінің студенті Ғабдулина Гауһар көрермендерге өз әндерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапханашылар 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған «Қазақстан болашағы - халық бірлігінде» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады. Бұл күні әркім көршісінің ыстық ықыласына бөленіп, бірлігі мен көпұлтты достығымыздың беріктігіне бөленді.
010000, г. Нур-Султан, Сарыаркинский район,
улица 150 лет Абая, 22/3 — 8(7172) 647-868
Адрес: г. Алматы, индекс 050000,
улица Пр. Райымбека, дом 221 «В»
По техническим вопросам
обращаться по адресу info@appweb.kz